Еуразиялық экспресс
«Еуразиялық достастық» әлеуметтік-экономикалық даму қорының жастар жобасы.

Біз Ресей, Тәжікстан және Қазақстан студенттері мен жастарының арасында еуразияшылдықтың идеяларын насихаттаймыз.

Біздің мақсатымыз - Ресей, Тәжікстан және Қазақстан студенттері арасында достық қарым-қатынас орнату және бірлескен халықаралық жобаларды жүзеге асыру. Біздің елдеріміздің студенттері маңызды әлеуметтік-саяси мәселелерді шешуге, іскерлік қарым-қатынастарды және мәдени өзара іс-қимылды дамытуға тиіс деп есептейміз.

Біз жастар одағы мен бірлестіктерімен ынтымақтасуға қуаныштымыз. Жастар іс-шараларына қатысуға және ақпарат таратуға көмектесуге дайынбыз.